2026 жылғы 24 ақпанда Психикалық денсаулық орталығында “Білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау жүйесіндегі Қамқоршылық кеңес” семинар-практикумы өтті
Іс-шараға “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің өкілдері-В. И. Колесникова және А. В. Белорусцева қатысты.
Семинар оқушыларға психологиялық қолдау көрсетудегі Қамқоршылық кеңестің рөлі туралы білімді арттыруға және ата-аналар мен білім беру мекемесінің өзара іс-қимылының тиімді нысандарын талқылауға бағытталған.
