
«Отбасы – шабыт қайнары» кітап көрмесі
Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Кітап оқитын мектеп” жобасы аясында 2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ кітапханасында 1-11 сынып оқушыларына арналған “Отбасы – шабыт қайнары” кітап көрмесі өтуде. Кітап көрмесінің мақсаты: оқушыларды отбасына, отбасылық құндылықтарға, дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілік, патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.
Отбасы – қоғамның бірлігі, халықтық дәстүрлерді, ұрпақтан-ұрпаққа берілген әдет-ғұрыптарды, өз халқының мәдени мұрасын сақтаушы. 1-11 сынып оқушылары көрмеге барған кезде отбасы туралы әдебиеттермен танысады, сонымен қатар көрмеде оқушылар отбасылық құндылықтарды бейнелейтін мақал-мәтелдермен, жаңылтпаштармен таныса алады.