
“Digital Urpaq” оқушылар сарайына саяхат
1 маусымда, жаздың бірінші күні, барлығы Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күні “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 5″Б” сынып оқушылары ” Digital Urpaq ” оқушылар сарайында өткен ” DIGITAL АКТИВ” “Эко-ойынқұмарлық” террария-зияткерлік танымдық ойынына қатысты. Галлерея роботтардан және әртүрлі металл конструкциялардан тұрды. Сондай-ақ, оқушылар “Жазғы академияда” болып, онда жаңа технологиялармен танысып, идеяларды іске асырып, IT бағыты бойынша интерактивті сабақтарға, спорттық ойындарға, конкурстарға, эстафеталарға және зертханаларда қызықты сабақтарға қатысып, өз таланттарын аша алды.