Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртістері ұйымдастырған, “Күншуақ” театрлық-ойын-сауық іс-шарасы

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртістері ұйымдастырған, “Күншуақ” театрлық-ойын-сауық іс-шарасы

“Қазақстан – бақытты балалық мекені!” каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Достық” жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, оқушылардың бойында адамгершілік, эстетикалық тәрбие, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру мақсатында 2023 ж. 14.06 балалар, Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртістері ұйымдастырған, “Күншуақ” театрлық-ойын-сауық іс-шарасына қатысты. Театрландырылған қойылым, мазмұнды ойын бағдарламасы оқушылар үшін мерекелік атмосфера мен көңілді көңіл-күй қалыптастырды.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында “Сәлем, жаз! ” концертіне бару

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында “Сәлем, жаз! ” концертіне бару

“Қазақстан – бақытты балалық мекені!” каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Достық” жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, балалардың шығармашылығына, қоғамдық мекемелерге бару мәдениетіне баулу, оқушылардың бойында адамгершілік, эстетикалық тәрбие, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру мақсатында 2023ж.13.06 оқушылар Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына ” Сәлем, жаз!”  концертіне барды.

Мешіт пен шіркеуге саяхат

Мешіт пен шіркеуге саяхат

“Қазақстан – бақытты балалық мекені!” каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Достық” жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, оқушыларды рухани мәдениетпен таныстыру, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың дініне төзімділікті қалыптастыру мақсатында 2023 ж. 12.06 балалар мешіт пен православие шіркеуіне барды. Балаларға дін тарихы, үлкендерге деген мейірімділік пен құрмет маңыздылығы туралы айтылды. Оқушылар мешіттің, шіркеудің ішкі безендірілуін тамашалай алды. Саяхат танымдық және мазмұнды болды.

АБАЙЛАҢЫЗ: АЛАЯҚТАР!

АБАЙЛАҢЫЗ: АЛАЯҚТАР!

Бүгінгі таңда облыс орталығының тұрғындарына қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрі Интернет желісіндегі алаяқтық болып табылады. Құрметті ата-аналар, оқушылар, СҚО ПД Петропавл қаласының полиция басқармасы мемлекеттік мекемесі және “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ әкімшілігі күн сайын адамдар қаскүнемдердің құрбаны болатынын еске салады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін белгілі бір қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау қажет.