Browsed by
Tag: #АдалАзамат

2026 ж.12.10 “Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп” КММ-де 7-сынып оқушыларымен “Электрондық темекіден бас тартудың себептері” тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді

2026 ж.12.10 “Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп” КММ-де 7-сынып оқушыларымен “Электрондық темекіден бас тартудың себептері” тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді

    Әңгімелесу барысында оқушыларға электронды темекі мен вейптің денсаулыққа кері әсері, никотинге тәуелділіктің пайда болу қаупі, сондай-ақ оларды тұтынудың өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін салдары түсіндірілді. Құрдастарының қысымына қарсы тұру, әлеуметтік желілердегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және жауапты шешімдер қабылдау қабілетіне ерекше назар аударылды. Әңгіме соңында білім алушылар өз денсаулығына қамқорлық жасау, саналы түрде таңдау және жаман әдеттерден бас тарту салауатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деген қорытындыға келді. Денсаулық – біздің құндылығымыз! Вейпсіз өмірді таңдаңыз!

“Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 5-сыныптарға арналған алғашқы жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті!📑✨

“Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 5-сыныптарға арналған алғашқы жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті!📑✨

10 қыркүйекте “Сапаны сақтау” өңірлік жобасын іске асыру аясында жаңа оқу жылында бесінші сынып оқушыларының жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі оқу процесін бейімдеу мен ұйымдастырудың негізгі мәселелерін қамтыды: * Негізгі мектепте бесінші сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері. * “Адал азамат” бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмысы. * Оқытуды ұйымдастыру: режим, оқу жүктемесі, пән мұғалімдерімен танысу және бесінші сынып оқушыларының оқу мүмкіндіктері. * Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. * Ыстық және буфеттік тамақтануды ұйымдастыру. * “Бос микрофон” бөлімі, онда ата-аналар өзекті сұрақтарға…

Read More Read More

“Сыбайлас жемқорлық — халықтың жауы” бейне челленджі

“Сыбайлас жемқорлық — халықтың жауы” бейне челленджі

1-5 желтоқсан аралығында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие айлығы аясында “Сыбайлас жемқорлық – халық жауы” бейне челленджі өтті. Челленджге 8 “Б”, 8 “В”, 9 “А”, 9 “В”, 10 “Б” және 11 “А” сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың жұмыстары мазмұнды, креативті және белсенді әлеуметтік ұстанымдарымен ерекшеленіп, қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін атап өтті.