27 ақпанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 2-сыныптарда педагог-психолог Е.М. Коренковамен “Бірегейлікті бағалаймыз” сабағы өткізілді. Балалар әр адамның неге ерекше екендігі туралы айтып, өздерінің мықты жақтарын байқап, басқалардың айырмашылықтарын құрметтеуге үйренді
Ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар көз жеткізді: айырмашылықтар бізді жақсы немесе жаман етпейді-олар бізді команда ретінде күшейтеді. Жылы атмосферада оқушылар жетістіктерімен бөлісіп, бір-біріне мақтау сөздер айтып, әртүрліліктің құндылығын көруге үйренді. Балаларға шынайылық пен белсенділік үшін рахмет!