«Менің елімнің рәміздері-менің мақтанышым» кітап көрмесі

«Менің елімнің рәміздері-менің мақтанышым» кітап көрмесі

4 маусымда елімізде мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Елтаңба, Ту, Әнұран-ұлтты біріктіретін рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері әлемде кеңінен танымал және біздің елімізді бүкіл әлемдік қоғамдастықтың құрметіне ие, бейбітшілікті сүйетін мемлекет ретінде көрсетеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2023 жылдың 1-4 маусымы аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ кітапханасында «Менің елімнің рәміздері – менің мақтанышым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: отансүйгіштік сезімін, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету. Көрме материалдары біздің еліміздің тарихи жолын, оның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірін көрсетті. Кітап көрмесінде тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі өз Туын, Елтаңбасын және Әнұранын табу болғандығы атап өтілді. Қазақстандық мемлекеттік рәміздер – бұл көркемдік бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеяларының хабаршылары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған