Мектеп кітапханасында “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес” балалар еңбегін жою мәселелері бойынша әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттердің кітап көрмесі

Мектеп кітапханасында “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес” балалар еңбегін жою мәселелері бойынша әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттердің кітап көрмесі

Қазақстан Республикасында 1-12 маусым аралығында ” Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес ” акциясы өткізіледі, оның мақсаты – балалар еңбегін пайдалану проблемасына, бала мен қоғам үшін зардаптарға қоғамдық назар аудару. “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес ” Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және “Оқуға құштар мектеп” жобасы шеңберінде 2023 жылғы 05-09 маусым аралығында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің мектеп кітапханасында балалар еңбегін, балалардың құқықтарын жою мәселелері бойынша әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттердің кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, өмірлік дағдыларын қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың жұмыс туралы күмәнді ұсыныстарды қабылдау тәуекелдерін түсінуі, оқушыларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, балалардың еңбегін қорғайтын негізгі заңдармен таныстыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *