
“Достық” жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы
“Қазақстан – бақытты балалық мекені!” каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Достық” жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес, 2023 ж. 15.06 “Достық” мектеп жанындағы лагерь жабылды. Мектеп жанындағы лагерьдің қызметі жоспарға сәйкес жүзеге асырылды, оған: сауықтыру рәсімдері, спорттық іс-шаралар, саяхаттар, театрға бару, интерактивті іс-шаралар, тілдік алаңдардың жұмысы кірді.