«Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарландыру
«Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебі» КММ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібіне» сәйкес, Қамқоршылық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу және жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдерін, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасын немесе заңды өкілін, қайырымдылық жасаушыларды қосу жөнінде ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттіктері:
1) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2023 ж. 14.09 дейін.
8 (7152) 42-55-98 телефоны бойынша хабарласуға болады.