
«Бақытты отбасы – бақытты ел» сынып сағаты
Қазақстандағы Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 0-4 сынып оқушылары үшін 2023 ж. 11.09 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ- де «Бақытты отбасы – бақытты ел» сынып сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: отбасылық қарым-қатынасқа құндылық қатынасын, ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында балалар бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне қамқорлық жасайтын адамдар ретінде отбасы туралы түсінік қалыптастырды. Олар отбасының адам өміріндегі маңыздылығы мен рөлі туралы білді.
Іс-шарада оқушылар отбасы туралы сөзжұмбақтар, жұмбақтар шешті, отбасын күн сәулесі түрінде бейнеледі, отбасындағы достыққа ықпал ететін қасиеттерді атап, «кірпіштен» «үй тұрғызды». Балалар өз отбасының суретін салды, отбасы фотосуреттерінен коллаж жасады. Мақал-мәтелдер айтты, олардың мағынасын түсіндірді.