
“Мектепке жол” республикалық акциясы
Биыл “Мектепке жол” акциясы “Жақсылық жаса” ұранымен өтуде. Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция басталғаннан бері “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де оқушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған іс-шара барысында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 95 оқушысына 40567 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы түрінде материалдық көмек көрсетілді.