
“Отбасы шежіресі” шығармашылық жұмыстар байқауы
2023 ж. 13-15.09, Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, 6-11 сынып оқушылары үшін “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ – де “Отбасы шежіресі” шығармашылық жұмыстар байқауы өтті.
Мақсаты: оқушылар отбасын балалармен бірлескен шығармашылық қызметке тарту, оқушылардың отбасының құрылымы мен дәстүрлері, жақын туыстарының қарым-қатынасы туралы білімдерін байыту, өз отбасына деген құрмет, сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін дамыту, сондай-ақ ата-аналардың мектеппен өзара әрекеттесуге қызығушылығын арттыру.
Отбасылық шежіре – отбасының тегі, бұл ағаш түріндегі сурет. Барлық оқушылардың ата-аналары байқауға белсенді қатысты. Жұмыстар әр түрлі болды: коллаж, аппликация, табиғи материал мен матаны қолдана отырып көлемді жұмыс, сурет, компьютерлік графика, дайын фотошаблон. Орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Каримова Даяна 8 «Г» сынып
2-орын – Секретова Ксения 8 «Г» сынып
2-орын – Чех Максим 7 «А» сынып
3-орын – Ткаченко Ольга 8 «Г» сынып
3-орын – Евтушенко Карина 8 «Г» сынып
3-орын – Малько Стефан 8 «Г» сынып
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!