«Айтыс – қазақтың төл өнері» ақпараттық сағат

«Айтыс – қазақтың төл өнері» ақпараттық сағат

2023 ж. 25.09 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ – де 6 “Г” сынып оқушыларына арналған, қазақ тілі сабақтары аясында “Айтыс – қазақтың төл  өнері” ақпараттық сағат өткізілді. Аталған іс-шара барысында оқушылар айтыстың халық өмірінде маңызды орын алатынын және болашақта айтыстар қазақ халқының ауызша халық шығармашылығының белсенді жанры болатынын білді.

Ақпараттық сағаттың мақсаты: айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау. Сондай-ақ, іс-шара барысында оқушылар “Ақындар айтысына” қатысып, белсенділік танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *