
“Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу” ақпараттық дереккөз
Тұмау мен ЖРВИ ауруларының алдын алу, оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында 2023 ж. 09.10 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 1-7 сынып оқушылары үшін Петропавл қаласы №3 қалалық емханасының СӨС медбикесі Х. Г. Абденова “Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу” ақпараттық дереккөз өткізді.
Кездесу аясында келесі мәселелер қаралды: тұмау дегеніміз не, аурудың дамуы, тұмау түрлері, тұмау және ЖРВИ белгілері, тұмау мен ЖРВИ ауруларының алдын алу бойынша ұсыныстар. Ұсынылған ақпарат мазмұнды және пайдалы болды.