
«Аман қалу үшін білу!» сынып сағаты (терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде оқушылардың іс-әрекеттері)
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2023 ж. 09.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 1-11 сынып оқушыларына «Аман қалу үшін білу!» тақырыбына сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: білім алушыларда азаматтық ұстанымды қалыптастыру, терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл жасау, терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде оқушылардың іс-әрекеттерін пысықтау.
Іс-шара осы қауіптің қауіптілігін түсінуге бағытталған. Сынып сағаты барысында бұл мәселенің мәніне, терроризмге қалай қарсы тұруға, терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелеріне ерекше назар аударылды. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысты. Олар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Іс-шараға қатысушылар, әрине, терроризммен күресудің әр жақты ережесін дайындау мүмкін емес деген пікірге келісті, бірақ терроризмнің құрбаны болмау үшін оның алдын алу ережелерін білу және сақтау қажет, ал төтенше жағдайда іс-қимыл алгоритмін сақтау керек.