
Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Ж. А. Баукенова 8-сынып оқушыларына арналған “Позитивті ойлауды дамыту және ресурстық жағдайды жандандыру” тренингін ұйымдастырды.
Позитивті ойлау – бұл бостандыққа, өмірдің жаңа деңгейіне, табысқа және жеке өсуге апаратын жол. Әр адам өз болашағының табысты жасаушысы бола алады. Өйткені, біздің болашағымыз – бұл тек ақыл-ой бейнесі, материалдық әлемде әлі іске асырылуы мен формасы жоқ идея. Әр адам бастапқыда бақытты, сүйікті және табысты болу үшін қажет нәрсенің бәріне ие. Әркімнің болашағы – адамның ойлауының нәтижесі. Сондықтан позитивті ойлау практикасы – бұл өмірді жақсы жаққа өзгерте алатын шындықты қалыптастырудың құралы.
2023 ж. 12.10 білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Баукенова Жазира Алтаевна “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 8-сынып оқушыларымен “Позитивті ойлауды дамыту және ресурстық жағдайды жандандыру” тренингін өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың психологиялық денсаулығының алдын алу, өзін-өзі реттеу әдістерімен танысу, позитивті ойлауды, белсенді өмірлік ұстанымды, позитивті көзқарас пен болашаққа бағыт қалыптастыру; стресске төзімділікті арттыру.