“Әнұран айту”патриоттық акциясы
Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігі идеясын Отанға, өз халқына, өз тарихына деген сүйіспеншілік арқылы насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасының күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 23 қазанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 1-11 сынып оқушылары Мемлекеттік Гимнді жаппай орындау – “Әнұран айту” патриоттық акциясына қатысты.
Онда халықтың бостандыққа деген ұмтылысы, терең тамыры мен болашаққа деген ұмтылысы бейнеленген. Балалар Гимнді біздің жеріміздегі гуманизм, бейбітшілік пен келісім жолында достық пен бірлікке шақыратын терең патриотизм сипатында орындады.