
Республика күніне арналған мерекелік концерт
Қазақстан Республикасы күнінің жалпыұлттық мерекесі қарсаңында, өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борышын, өз елінің болашағы алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында 2023 ж. 24.10 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ – де “Менің жерім – менің Қазақстаным!” атты мерекелік концерт өтті.
25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Концерттің салтанатты бөлімінде мектеп директоры А. Т. Умарова барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Күнімен құттықтады.
Әндер, өлеңдер мен билерде туған жердің сұлулығы мен байлығы айтылды. Сахнада жоғары сынып оқушылары да, бүлдіршіндер де үлкен жетістікпен өнер көрсетті. Көрермендер жас әртістердің қойылымдарын қошеметпен қарсы алды. Концерт мерекелік, жарқын, позитивті өтті.