2-4 сынып оқушыларын “Жас Қыран” Республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына және 5-7 сынып оқушыларын “Жас Ұлан” Республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау
2023 ж. 24.10 Республика күнін мерекелеу қарсаңында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 2-4 сынып оқушыларын “Жас Қыран” Республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына және 5-7 сынып оқушыларын “Жас Ұлан” Республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау өтті.
Балалар салтанатты ант мәтінін айтып, “Жас Ұлан” әнұранын орындады, көгілдір түсті галстуктар киіп, Отанды сүюге және қорғауға ант берді.
Салтанатты түрде төсбелгілерді тапсыру және галстуктарды байлау үшін: мектеп директоры А.Т. Умарова, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары Н.В.Золотилина, Н.В. Уварова, директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Е.Г. Шарапова, мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Т.Б.Баженова, ӘБ жетекшілері, мектеп парламентінің президенті Я. Нуртазина шақырылды.