“Менің Отаным – Қазақстан”сынып сағаты
Оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы идеяларды қалыптастыру, ел тарихына қызығушылықты дамыту, азаматтықты, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында 2023 ж. 23.10 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ – де “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаты барысында оқушылар Отанымыздың тарихы туралы білді. Оқушылар Қазақстан Республикасының қалыптасуының маңызды сәттерін еске алды: Тәуелсіздік алу, астананы Астанаға көшіру, еліміздің көрікті жерлерін атады. Іс-шарада слайдтар, бейнематериалдар, презентациялар қолданылды.