“Туған өлке білгірлері” интеллектуалды сұрақ-жауап сайысы
Күзгі демалысқа арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 31 қазанда 7-сыныпта “Туған өлке білгірлері” интеллектуалды сұрақ-жауап сайысы өтті.
Іс-шараның мақсаты Петропавл қаласы, оның көрікті жерлері туралы білімдерін тереңдету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсету болды. Сұрақ-жауап сайысына Пенский Данила және Сербо Вероника басқарған екі команда қатысты. Іс-шара басында оқушыларға Петропавл қаласының тарихы туралы ақпарат ұсынылды. Сұрақ-жауап сайысы бірнеше кезеңнен тұрды: 1. Қызықты сұрақтар 2. Қаланың көшелері мен ескерткіштері 3. Петропавл Елтаңбасы 4. Қаламның сүйікті орындары. Оқушылардың ерекше қызығушылығын шешендік өнер байқауы тудырды, онда балалар экскурсовод ретінде қаланың көрікті жерлері туралы айтуы керек еді. Қатты жарыс барысында жеңісті “Патриоттар” командасы жеңіп алды (капитан Сербо Вероника). Екі команда да грамоталармен марапатталды.