“1, 5, 10″А” сынып оқушыларының бейімделуі” педагогикалық консилиум

“1, 5, 10″А” сынып оқушыларының бейімделуі” педагогикалық консилиум

 

2023 ж. 01.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де МІБ жоспары бойынша “1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделуі” педагогикалық консилиумы өтті.

Консилиумның мақсаты: 1, 5, 10-сынып оқушыларымен жұмыста туындайтын негізгі проблемаларды талқылау, жалпы сыныпқа қатысты да, жекелеген оқушыларға қатысты да осы проблемаларды жою бойынша оқу-тәрбие шараларын өндеу.

Консилиумға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, бастауыш сынып мұғалімдері,

1, 5, 10- сыныптардың сынып жетекшілері, осы сыныптарда жұмыс істейтін пән- мұғалімдері қатысты.

Консилиумда оқушылардың бейімделуінің педагогикалық, психологиялық және жас ерекшеліктері талқыланды.  1, 5, 10- сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен өтуіне қолайлы жағдай жасау бойынша педагогикалық ұжымның, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің, ата-аналар жұртшылығының бірлескен жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.

Педагогикалық консилиумның шешімдері, сондай-ақ әртүрлі танымдық белсенділігі бар оқушылармен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар консилиум аяқталғаннан кейін барлық мұғалімдерге таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *