“Сабақта формативті бағалау нысандарының әртүрлілігі” мектепішілік әдістемелік семинар
2023 ж. 02.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Сабақта формативті бағалау нысандарының әртүрлілігі” атты мектепішілік әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты мұғалімдерге сабақтарда формативті бағалау жүргізуге әдістемелік көмек көрсету болды.
Спикерлер деңгейлік курстардан өткен педагогтар болды. Семинарда мұғалімдер оқушылардың білім сапасын арттыру үшін өз жұмысында қолдана алатын формативті бағалаудың тиімді әдістері қарастырылды.