“Дұрыс тамақтану құпиялары”сынып сағаты
Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мақсатында 2023 ж. 06.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 0-4 сынып оқушылары үшін “Дұрыс тамақтану құпиялары” тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті.
Іс-шарада оқушылар тамақтану мәдениеті мәселелерін, сондай-ақ оқушыға ыстық тамақ туралы не білу керектігін талқылады. Оқушылар өз суреттерінде пайдалы және зиянды деп саналатын өнімдерді бейнелеген.
Сынып сағаты барысында балалар дұрыс тамақтану керемет деген қорытындыға келді. Рухани және физикалық тұрғыдан сау болу үшін өмір салтын және тамақтану әдеттерін жақсы жаққа өзгерту ешқашан кеш емес!