«Біздің күшіміз бірлікте» сынып сағаты

«Біздің күшіміз бірлікте» сынып сағаты

 

2023 ж. 06.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де сынып сағаты аясында 9-11 сынып оқушыларының  «Жастар Ассамблеясы»  РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Дарига Омировна Смаиловамен “Біздің күшіміз бірлікте” тақырыбы бойынша кездесуі өтті.

Іс-шара барысында әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ араздық тілі деген не және онымен қалай күресуге болатыны туралы әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ оқушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жастар Ассамблеясының қызметі туралы білді.

Оқушылар спикерге бірқатар өзекті сұрақтар қойып, қоғамдық ұйым қатарына кіруге қызығушылық танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *