Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар – жасөспірімдер кітапханасында «Тату және пирсинг: оң және теріс жақтары» ақпараттық ликбезіне 8 «В» сынып оқушыларының қатысуы
2023 жылғы 15 қарашада “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 8 “В” сынып оқушылары сынып жетекшісі Г.С. Укиенова және кітапханашы К.В.Аверичевамен Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында “Тату және пирсинг: оң және теріс жақтары” ақпараттық ликбезіне қатысты.
Бұл іс – шараның мақсаты – жасөспірімдердің денені тату және пирсингпен әдемілеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс көзқарасын қалыптастыруға көмектесу.
Іс-шара барысында оқушылар тату мен пирсингтердің пайда болу тарихымен және әлеуметтік маңыздылығымен танысты. Оқушылар “оң” және “қарсы” екі топқа бөлініп, ұсынылған тапсырмаларды орындады.
Іс-шараға облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургі А.А. Сейдибаева қатысып, балаларға тату мен пирсингтердің зияны мен салдары туралы айтып берді.
Оқушыларға ақпараттық ликбездің тақырыбын көрсететін “Сән және денсаулық” кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік берілді.