“Ғылым әлемінде” квесті
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2023 ж. 16.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Идеяларды жасаушылар” 9-сынып оқушыларының құрама командасы “Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі” КМҚК ұйымдастырған “Ғылым әлемінде”квестінде 2-орынға ие болды. Сондай-ақ оқушылар үшін саяхат ұйымдастырылды, оның барысында балалар колледждің 2 корпусымен, оқу аудиторияларымен, шеберханалармен танысып, оқу перспективалары, оқуға түсу шарттары туралы білді.