“Қауіпсіз Болашақ” облыстық жобасы аясындағы “Балалар қауіпсіздігі” саптық жиын
“Қауіпсіз Болашақ” облыстық жобасы аясында 2023 ж. 17.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 1-ші және 2-ші ауысымдарда “Балалар қауіпсіздігі” саптық жиындар өткізілді. Іс-шарада оқушыларға жолда, қоғамдық орындарда, мектепте және көшеде жүріс-тұрыс ережелері туралы еске салынды.
Іс-шараның мақсаты: балаларды зейінді, сергек болуға үйрету. Балаларды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, үйде, мектепте, көшеде дұрыс мінез-құлық туралы білімдерін бекіту, оқушылардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін қалыптастыру. Сақтыққа, байқауға тәрбиелеу, оқушыларды белгілі бір қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өмір сүруге үйрету, қауіпті жағдайларда шешім қабылдау.