Мемлекеттік қызметтер
2026 жылғы 1-токсанда мемлекеттiк к:ызметтер көрсету сапасын iшкi мемлекеттiк бакылау бойынша есебi
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 2026-2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдауды 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асыратын болады.
Баланың құжаттарын электрондық үкіметтің веб-порталында тапсыруға болады еgov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және осы жылы алты жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. .
Өтініш беру үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) барлық қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс:
- Медициналық анықтамалар: «Иммундау паспорты» № 065-у нысаны және «Баланың денсаулық паспорты» № 052-2/у нысаны.
- 3х4 см фотосурет
Электронды қүкімет веб-порталындағы өтінімдер egov.kz тәулік бойы қабылданады.Қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз мектеп директорының қабылдау бөлмесіне немесе 42-55-98 нөмірге хабарласуға болады.

2025 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын iшкi мемлекеттiк бақылау бойынша есебi
2025 ж. 31.03 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен «Білім беру ұйымдарына (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызметін түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Кездесу нәтижелі болды. Ата-аналар eGov.kz электронды портал арқылы 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тапсыру алгоритмін түсіндіргені үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Құрметті ата-аналар!
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатын бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдана бастайды.
Баланың құжаттарын egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталында, sakura24.kz сайтында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар ата–анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде өтінішті еркін нысанда, денсаулық жағдайы туралы анықтаманы – №065у нысаны, № 052-2/у баланың денсаулық паспортын және 3х4 баланың 2 дана фотосуретін бере отырып қабылданады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400033942#z7
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553#z4
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553
БVЙРЫҚ Мемлекеттiк қызмет корсету бойынша жауаптыларды тағайындау туралы
