«Лазер таг» интерактивті ойын
2024 жылғы 07 маусымда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Достық” жазғы мектеп лагерінің оқушылары “Лазер таг” интерактивті ойын-сауық ойынына қатысты.
Балалар ептілікке, дәлдікке жарысты. Команда болуды және тактиканы дамытуды үйренді. Іріктеу турларының жеңімпаздары финалдық ойында ойнады, достық жеңіске жетті.
Ойын жарқын және қызықты болды, балалар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.
