Педагогикалық қолдау орталығы
5 қыркүйекте «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында педагог – психолог «Өмір жобасы – бақытты адам» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Практикалық сабақтың мақсаты ата-аналардың бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері туралы хабардарлығын арттыру; ата-аналардың баламен қарым-қатынас және отбасылық тәрбие стилі туралы түсініктерін кеңейту болды.