2025 жылдың 14 қаңтарында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 3-сыныптың ата-аналары қатысқан
2025 жылдың 14 қаңтарында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 3-сыныптың ата-аналары қатысқан “Логикалық ойлауды үйренеміз” атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста келесі мәселелер талқыланды:
1) Логика және логикалық ойлау. Логикалық ойлаудың артықшылығы.
2) Интеллектуалды және үстел ойындары арқылы логикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту бойынша кеңестер.Сондай-ақ, әлеуметтік педагог “Интернет-кеңістіктегі баланың қауіпсіздігі”мәселесін қамтыды. Педагог-психолог “Бала және интернет” ұсынымдары бар брошюралар әзірлеп, таратты.