
5, 6-сынып командалары арасында пионерболдан жарыс
Қысқы демалысқа арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 ж. 05.01 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 5,6 сынып командалары арасында пионерболдан жарыс өтті. Жарыстың төрешісі және оларды өткізуді ұйымдастырушы дене шынықтыру мұғалімі С. П. Степанов. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 1 орын алған 5 “Г” сыныбының командасы жеңімпаз атанды, 2 орынды 5 “А” сыныбының командасы, 3 орынды 5 “В” сыныбының командасы иеленді; ұлдар арасында 1 орынды 6 “В” сыныбының командасы, 2 орынды 6 “Б” сыныбы және 3 орынды 6 “А” сыныбының командасы иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!