2025-2026 оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесі

2025-2026 оқу жылының бірінші педагогикалық кеңесі

2025 жылдың 29 тамызында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды:
1. Жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары.2. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік-нұсқаулық хатымен және педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарымен танысу.
3. “Адал азамат” бағдарламасын және “ДосболLIKE”буллингке қарсы бағдарламасын іске асыру.
4. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын бекіту.
5. Ұйымдастыру-шаруашылық қызметі: қызметкерлерге арналған ішкі тәртіп ережелері және ұжымдық шарт. 🔹 Педагогикалық кеңестің отырысы барысында мұғалімдер басым міндеттерді талқылап, жаңа оқу жылына арналған іс-әрекет жоспарын белгіледі.

Comments are closed.