«Соғыс жылдарының жазушысы» кітап көрмесі
«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында 2023 жылдың 04-10 қаңтарынан бастап «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ кітапханасында белгілі жазушы Александр Альфредович Бектің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
А. А. Бек – азаматтық соғыс батыры. Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс тілшісі болды. Оның әйгілі шығармаларының бірі – «Волоколамск тас жолы», оқиғаның басты кейіпкерлері -316 атқыштар дивизиясының командирлері Иван Васильевич Панфилов және белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момыш-ұлы, Мәскеуді қорғаған сарбаздар. Кітап көрмесі аясында оқушылар жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен танысты.