Іс-әрекеттегі инклюзия: мұғалімнің тәжірибесі мен мүмкіндіктер
2025-2030 жылдарға арналған “Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы” инклюзивті білім беруді енгізу жөніндегі нұсқаулықты іске асыру жөнінде “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Бірге оқимыз”, “Бәріміз бірдейміз” жобасы аясында бастауыш мектеп педагогтеріне арналған “Іс-әрекеттегі инклюзия: мұғалімнің тәжірибесі мен мүмкіндіктері” атты тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен сыныптарда жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, білім алушылардың өзара іс-қимыл және қолдау дағдыларын дамыту. Тренинг барысында қатысушылар инклюзивті білім беруді іске асырудың заманауи тәсілдерін, оқу бағдарламаларын бейімдеу принциптерін талқылады, сондай-ақ жайлы білім беру ортасын құру бойынша тәжірибе және практикалық ұсыныстармен алмасты. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға, толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға, мектеп қоғамдастығында инклюзивті мәдениетті дамытуға және “Бірге оқимыз” “Бәріміз бірдейміз”жобасы аясында ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
