22 қазанда біздің мектептің 3 “А” сынып оқушылары сынып жетекшісі Е.И.Спирина және кітапханашы Н. Е. Алексеевамен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына барды
Олар Джанни Родаридің 105 жылдығына арналған іс – шарасына қатысты. Олар үшін “Чиполлиноның шытырман оқиғалары” шығармасы бойынша конкурстар, жұмбақтар мен тапсырмалар дайындалды. Сондай-ақ, балаларды Д. Родаридің басқа да әйгілі шығармаларымен таныстырды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу залы көрсетілді. Балалар іс-шарадан көптеген жағымды және жақсы эмоциялар алды.