“Заң және тәртіп” айлығы аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 9-11 сынып оқушылары “Заңның 30 секунды” челленджіне қатысты
Челлендж барысында білім алушылар Заңның, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің сақталуының, сондай-ақ өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің маңыздылығын қолжетімді және көрнекі түрде көрсететін қысқа тақырыптық бейнероликтер дайындады. Челленджге қатысу жоғары сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын, шығармашылық ойлауын және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етті.