«Өткен жылдар жанды жады»бірыңғай батылдық сабағы

«Өткен жылдар жанды жады»бірыңғай батылдық сабағы

9 мамыр қарсаңында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 ж. 04.05 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 0-11 сынып оқушыларына арналған «Өткен жылдар жанды жады» атты бірыңғай батылдық сабағы өтті. Мақсаты: батылдық, парыз, ар-намыс, жауапкершілік, адамгершілік, патриот болу – өз елінің әрбір азаматының парызы екенін түсіну туралы түсінік қалыптастыру. Жастарды ардагерлерге, әскери қызметшілердің, Отан қорғаушылардың ерлігіне құрметпен қарауға, қаза тапқан батырларды еске алу қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар Отан тарихының қаһармандық және қайғылы парақтарымен танысты. Сұрақтарға жауап берді, батылдық дегеніміз не және қандай адамды батыл деп атауға болады? Олар өз мысалдарын келтірді. Біздің еліміздің адамдары ерекше батыл болған оқиғалар аталды.

Іс-шара барысында Қазақстанның жауды жеңуге қосқан зор үлесі атап өтілді, атап айтқанда: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бегельдинов, Рахымжан Қошқарбаевтың сіңірген еңбегі атап өтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған