Отан қорғаушы күніне арналған бірыңғай сынып сағаты

Отан қорғаушы күніне арналған бірыңғай сынып сағаты

Білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі және маңызды міндеті Отанға деген сүйіспеншілікті, Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге деген ұмтылысты ояту, әскери қызметтің беделін көтеру болып табылады.

Отан қорғаушы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ оқушылары үшін 1-11 сыныптарда Отан қорғаушы күніне арналған бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриотизм, азаматтық рухында тәрбиелеу; оқушылардың назарын туған тарихына, өз халқының тағдырына аудару; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру.

Аталған іс-шарада оқушылар тарихи ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскерлері туралы ақпаратты қамтитын патриоттық бейнероликтерді, презентацияларды тамашалады. Оқушылар қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара жастардың азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал етті.

Сынып сағатының соңында жастарды құттықтау рәсімі өтті. Қыздар Отан қорғаушы күніне арналған тақырыптық өлеңдерді оқып, балаларды дайындалған бейне презентацияларымен құттықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *