«Өткен жылдар қасиетті естелік» Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт

«Өткен жылдар қасиетті естелік» Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт

Жеңіс күні – еліміздің барлық азаматтары үшін маңызды және айтулы мереке, өйткені әрбір отбасында фашистік басқыншыларды жеңуге үлес қосқан ата-бабалар туралы естелік сақталады. Бұл оқиғаны еске алу және өз халқының болашағы үшін қорықпай күрескендерге құрмет кішкентай кезінен бастап сіңірілуі керек. Қаза тапқан батырларды еске алуға тәрбиелеу, Отанымыздың тарихының қаһармандық парақтарымен танысу және патриотизм сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан халқы, армиясы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында 2023 ж. 05.05 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған «Өткен жылдар қасиетті естелік» мерекелік концерті өтті. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Сабира Сагандыковна Байбусинова ізгі тілектерімен және құттықтауларымен сөз сөйлеп, ер-мұғалімдерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Концерт бағдарламасында соғыс жылдарындағы әйгілі әндер шырқалды, олар ең қиын уақытта шайқас кезінде сарбаздардың рухын көтеріп, қолдау көрсетті, тылда жұмыс істейтін әйелдер, аналар және балаларға үміт берді.

Көрермендер сарбаздардың ерлігі туралы өлеңдер тыңдап, мектеп оқушылары дайындаған музыкалық қойылымдарды тамашалады және әр қойылымға қошемет көрсетті. Дәстүр бойынша, концерттің соңында барлық қатысушылар «Жеңіс күні» әнін шырқады.

Мерекелік концерт әр қатысушының жүрегінде ұмытылмас терең әсер қалдырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған