
Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында “Есте сақтау, түсіну” ойлану сабағы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, балалардың Ұлы Отан соғысының тарихы туралы білімдерін жалпылау және кеңейту, оқушылардың азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында 2023 ж. 10.05 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 7 “А” сынып оқушылары Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында “Есте сақтау, түсіну” ойлану сабағына қатысты.