
«Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Ата-аналардың беделі және оның баланың жеке басын дамытуға ықпалы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
2023 ж. 11.05 «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебі» КММ-де «Ата-аналардың беделі және оның баланың жеке басын дамытуға ықпалы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы Жанат Қабдулрахимұлы Мұхамеджанов, білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Жазира Алтайқызы Баукенова қатысты.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті. 1″А» сыныбының сынып жетекшісі Шарапова Евгения Геннадьевна ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі нағыз беделінің рөлін анықтады