
«Боец» күзет агенттігімен бірлесіп «Өрт туындаған жағдайда мектептің және оқушылардың тұрақты құрамының іс-қимылдары» объектілік жаттығу (іс-қимыл алгоритмін пысықтау)
Өрт туындаған жағдайда мектеп пен оқушылардың тұрақты құрамының теориялық білімін арттыру және іс-қимылдар бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында, «Боец» күзет агенттігімен бірлесіп 2023 ж. 12.05 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де » Өрт туындаған жағдайда мектептің және оқушылардың тұрақты құрамының іс-қимылдары «(іс-қимыл алгоритмін пысықтау) объектілік жаттығуы өтті.
Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді бағалау, қойылатын талаптарға сәйкестік жеке құрамның эвакуация туралы сигнал беру кезінде мектеп оқушыларын алдына қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыру қабілетін көрсетті. Өткізілген объектілік жаттығудың қорытындысы мектеп қызметкерлерінің кеңесінде шығарылды. «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ қызметкерлері мен оқушыларының іс-әрекеттері қанағаттанарлық деп танылды.