
«Менің отбасым – менің байлығым»сынып сағаты
Біздің әрқайсымыз үшін отбасы – бізге ең жақын және ең қымбат адамдар, бұл жақындарымыздың жылуы, сүйіспеншілігі мен қолдауы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірлескен мерекелер мен дәстүрлер. Отбасы – еліміздің болашақ ұрпағын қалыптастыратын және тәрбиелейтін қоғамның ең маңызды бірлігі.
Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ж. 15.05 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 0-11 сынып оқушыларына «Менің отбасым – менің байлығым»атты сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-отбасының адам өміріндегі маңыздылығы мен рөлі, ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет, өз отбасына деген мақтаныш туралы сенімін қалыптастыру. Рухани және адамгершілік қасиеттерді, білім алушылардың дүниетанымын, олардың ұлттық-мәдени құндылық ретінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге азаматтық, саналы және ұқыпты қарауын қалыптастыру.
Сынып сағатында оқушылар отбасы дегеніміз не, ол не үшін қажет, отбасы неге адамға соншалықты қымбат, бұл қандай байлық, отбасының құндылықтары мен дәстүрлері туралы ойларын айтып, әңгімелестік.