
«Менің отбасым»сурет байқауы
1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған, 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2023 жылғы 10-15.05 аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 3-4-сынып оқушылары үшін » Менің отбасым» атты сурет байқауы өткізілді. Суреттерде балалар өз отбасыларын өздері көргендей және сезінетіндей етіп ұсынды. Байқау шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамытуға ықпал етеді, қуанышты жағымды көңіл-күй қалыптастырады. Ең бастысы, отбасына және жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Худякова Елизавета 3 «Б» сынып
2-орын – Толстых Арина 3 «Б» сынып
Коваленко Виктория 3 «Б» сынып
3-орын – Ханбеков Айрат 3 «А» сынып
Попов Никита 3 «А» сынып
Белоножко Ольга 3 «В» сынып
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!