«Петропавл көшелерімен саяхат» фотокөрме – байқауы

«Петропавл көшелерімен саяхат» фотокөрме – байқауы

Қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуға бағытталған «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени – ағарту жобасының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 5-11 сынып оқушылары арасында «Петропавл көшелерімен саяхат» атты фотокөрме-байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: балаларды Петропавл қаласының тарихымен таныстыру, білім алушылардың танымдық дербестігін жандандыру, туған қаласына деген патриотизм сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1-орын – Иманкулова Айжан 9 «А» сынып

2-орын – Чех Максим 6 «А» сынып

3-орын – Иманкулова Аружан 9 «А сынып

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған