
Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен танысу жөніндегі педагогикалық ұжымның жиналысы
2023 жылғы 16 мамырда «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де педагогикалық ұжымның жиналысы өтті. Жиналысты өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру және талқылау. Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы орта білім беруді дамытудың басым мақсаттарын, міндеттерін, бағыттары мен тетіктерін айқындауға бағытталғаны атап өтілді. Онда білім берудегі жүйелік проблемалардан білім алушыға және оның қажеттіліктеріне қайта бағдарлаудан тұратын білім беруді дамытудың жаңа көзқарасы анықталды.