«Отбасы – шабыт қайнары» кітап көрмесі

«Отбасы – шабыт қайнары» кітап көрмесі

Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында 2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ кітапханасында 1-11 сынып оқушыларына арналған «Отбасы – шабыт қайнары» кітап көрмесі өтуде. Кітап көрмесінің мақсаты: оқушыларды отбасына, отбасылық құндылықтарға, дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілік, патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.

Отбасы – қоғамның бірлігі, халықтық дәстүрлерді, ұрпақтан-ұрпаққа берілген әдет-ғұрыптарды, өз халқының мәдени мұрасын сақтаушы. 1-11 сынып оқушылары көрмеге барған кезде отбасы туралы әдебиеттермен танысады, сонымен қатар көрмеде оқушылар отбасылық құндылықтарды бейнелейтін мақал-мәтелдермен, жаңылтпаштармен таныса алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған